КРІ газ-химия кешенінде Қазақстан мұнайының 125 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Жиында кәсіпорын қызметкерлеріне мерейтой медальдары, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Ұжымды бас директор Данияр Тиесов құттықтап, саланың дамуына қосып жатқан үлестерін ерекше атап өтті.
— Еліміз үшін газ-химия саласы жаңа бағыт болғанмен, күн санап дамып келе жатыр. Қазақстанның бұл жолдағы әлеуеті толықтай жүзеге асатынына сенімдімін. Себебі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бастамасымен елдің экономикалық өсуіне қызмет ететін басқа да мегажобалар іске қосылып жатыр,-деді ол.
Мерейлі дата қарсаңында премьер-министр Олжас Бектенов мұнай-газ-химия саласының ардагерлері және үздік мамандарымен кездесті. Салтанатты шара барысында КРІ зауыттың қызметкері «Құрмет» орденіне ие болды.