«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС неміс компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуда

17 Қыркүйек
2024
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС неміс компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуда
16 қыркүйекте Астанада Германия Федералды канцлері Олаф Шольцтың сапары аясында өткен Қазақстан-Германия бизнес форумында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» компаниясы немістің жетекші компанияларымен екіжақты кездесулер өткізді. Газ-химия кешенінің бас директоры Дамир Ашимов Siemens Energy, EKATO RMT және FIMA Maschinenbau өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Кездесулерге ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі О. Сапарбеков, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Д. Макеев және ҚР Энергетика министрлігінің мұнайгазхимия және техникалық реттеу департаментінің директоры Т. Уркумбаев қатысты.

Ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, соның ішінде ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау, өндірісті Қазақстанда локализациялау және сервистік желі құру талқыланды.

Сондай-ақ форум аясында «KPI Inc.» ЖШС мен жоғарыда аталған компаниялар арасында қосалқы бөлшектерді жеткізу туралы келісімдер мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бұл ынтымақтастық Қазақстанның мұнай-газ-химия секторының дамуына және халықаралық іскерлік байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.