«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен «KPI Inc» ЖШС Бас директоры Дамир Әшімов кәсіпорынның өндірістік цехтарын аралап көрді

10 Қыркүйек
2024
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен «KPI Inc» ЖШС Бас директоры Дамир Әшімов кәсіпорынның өндірістік цехтарын аралап көрді
2024 жылдың сегіз айында Қазақстанның гомополимерлі полипропилен нарығында KPI Inc үлесі 15%-дан 54%-ға дейін өсіп, ал импорт көлемі керісінше 59%-дан 8%-ға дейін қысқарды. Қазіргі уақытта кәсіпорын полипропиленнің 8 түрлі маркасын шығарады, соның бесеуі бұрын-соңды Қазақстанда шығарылмаған өнімдер. KPI Inc өндіретін полипропилен Еуропаға, Қытайға, Ресейге және Түркияға экспортқа жөнелтіледі. Бұл ретте жергілікті өңдеуші кәсіпорындарға да жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Зауыттың «Форсаж» бағдарламасы «KazStoneBox» ЖШС, «EGP» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС сияқты Қазақстанның өңдеу компанияларын дамытуға ықпал етеді.

2024 жылдың сегіз айында KPI Inc зауыты шамамен 165 мың тонна полипропилен өндірді, соның 13 мың тоннаға жуығы ішкі нарықта сатылса, 150 мың тоннадан астамы экспортқа жөнелтілді.

А. Хасенов кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді, сондай-ақ энергия сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды тапсырды.