«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ полипропиленді қайта өңдеу мүмкіндіктері жиынына қатысты

16 Қыркүйек
2024
КРІ полипропиленді қайта өңдеу мүмкіндіктері жиынына қатысты
13 қыркүйекте «Мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы» (Мұнай-газ-химия қауымдастығы) «Қазақстан Республикасында полипропиленді қайта өңдеу мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара Қазақстанның полимер саласын дамыту әлеуеті мен перспективаларын талқылауға, сондай-ақ отандық өнеркәсіп үшін негізгі материалдардың бірі – полипропиленді қайта өңдеуді жақсарту жолдарын іздеуге бағытталды.

Дөңгелек үстелге полимерді қайта өңдеушілер, мемлекеттік органдардың өкілдері, оның ішінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері, сондай-ақ саланың ірі компаниялары: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KPI» ЖШС, «Атамекен» ҰКП, «KMG PetroChem» ЖШС қатысты.