«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI халықаралық келісімді алғаш рет электронды құжат айналымы жүйесінде бекітті

4 Қазан
2024
KPI халықаралық келісімді алғаш рет электронды құжат айналымы жүйесінде бекітті
«KPI Inc.» ЖШС  өзінің серіктестерімен дайын өнімді жеткізу туралы  келісімді алғаш рет халықаралық электронды құжат айналымы жүйесінде (ЭҚАЖ)тестілік режимде бекітті. Процедура idocs платформасында іске асты.

Idocs платформасы – Қазақстандағы алғашқы “бұлтты” жүйе, онда тараптар электронды  цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қойып, заңды маңызы бар құжаттарды алмасады.

ЭҚАЖ жүйесін қолданудың KPI үшін артықшылықтары:
- Жылдамдық: келісімдерді бекіту және өзгерту процестерін жеделдету.
- Сақтау сенімділігі: қағаз түпнұсқаларын қолданудың қажеті жоқ.
- Ресурстарды үнемдеу: қағаз бен пошталық жөнелтім шығындарын азайту.
- Қауіпсіздік: құжаттарды жоғалту қаупін азайту.

KPI цифрландыру бағытындағы жаңалықтарды белсенді түрде енгізуге мүдделі. Ал қағаздарды пайдалануды қысқартудың экология тұрғысынан да маңызы зор. Idocs арқылы жасалған келісім компанияның цифрландыру және тұрақты даму саласындағы көшбасшылық ұстанымын нығайтады.