«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) Комплаенс қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасын, Компанияның ішкі құжаттарын, корпоративтік стандарттар мен іскерлік әдеп қағидаттарын сақтауға бағытталған тиімді комплаенс жүйесін қалыптастыруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз етеді.
Комплаенс қызметінің негізгі міндеті — комплаенс тәуекелдерінің алдын алу және оларды азайту, адалдық мәдениетін және сыбайлас жемқорлық пен әдепке жат мінез-құлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ бизнес-процестердің ашықтығын арттыру арқылы бизнесті жауапты және адал жүргізуге жәрдемдесу.
Комплаенс қызметі белгіленген өкілеттіктері шеңберінде тәуелсіз қызмет атқарады, бұл комплаенс мәселелерін қарау және тиісті ұсынымдар әзірлеу кезінде объективтілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Комплаенс қызметі сондай-ақ Компанияда белгіленген хабарлау және ақпараттандыру арналары арқылы келіп түсетін ықтимал бұзушылықтар туралы хабарламалармен жұмыс жүргізеді.
Хабарламалар заңнаманың, Компанияның ішкі құжаттарының және Корпоративтік әдеп кодексінің ықтимал бұзушылықтарына, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, мүдделер қақтығысы, алаяқтық, өкілеттіктерді теріс пайдалану, әдепке жат мінез-құлық және өзге де бұзушылықтарға қатысты болуы мүмкін.
KPI сыбайлас жемқорлыққа және іскерлік әдеп қағидаттарының өзге де бұзушылықтарына нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады.
Компания әрбір қызметкер мен іскерлік әріптес комплаенс мәселелері бойынша консультация ала алатын немесе ықтимал бұзушылық туралы адал ниетпен хабарлай алатын қауіпсіз әрі ашық орта қалыптастыруға ұмтылады.
Хабарламаларды қарау кезінде объективтілік, құпиялылық және ықтимал бұзушылық туралы адал ниетпен хабарлаған тұлғаларды қудалауға жол бермеу қағидаттары қолданыстағы талаптар мен Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
KPI Комплаенс қызметі
Электрондық пошта: compliance@kpi.kz
Телефон: +7 7122 31 52 22
Жедел байланыс желісі
Телефон: 8 800 080 47 47
WhatsApp: +7 771 191 88 16
Онлайн-портал: www.sk-hotline.kz
Электрондық пошта: mail@sk-hotline.kz
Ерлан Досымбеков
Комплаенс-офицері