Шикізат және технология:
Теңіз кен орнынан зиянды қоспалардан тазартылған пропан, бұл экологияға әсерін барынша азайтуды қамтамасыз етеді.Пайдаланылған технологиялар: "Lummus Technology Inc." компаниясының Catofin (пропанды сусыздандыру) және novolen (пропиленді полимерлеу) технологиялары."(АҚШ). Осындай кешендер әлемнің 5 елінде (Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және ҚХР) салынған. Жабдықтың 77% Еуропа, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және Үндістан елдерінің өндірушілері шығарған.
Жұмыс орындары:
құрылыс кезеңіне (уақытша) – 4 300-ден астам;
пайдалану кезеңінде (тұрақты) – 628
Бас мердігер:
China National Chemical Engineering Co. (CNCEC, ҚХР).
Жобаны іске асырудың әсері:
- Қазақстанның полипропилендегі ішкі қажеттілігін (импортты алмастыру) жабу.
- ШОБ үшін полипропиленнен құрылыс, медицина, автомобиль жасау, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі және т. б. салаларда одан әрі қайта бөлу бұйымдарын өндіру мүмкіндігі.
- ШОБ-та және өнеркәсіптің аралас салаларында қосымша жұмыс орындарын құру.
- Елдің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 1% - ға дейін болады
Жоба статусы:
Жоба құрылысы аяқталып, кешен 2022 жылы 8 қарашада іске қосылды. Газ-химия саласындағы тұңғыш кешенді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына сапары кезінде ашты. Зауыт полипропилен өнімін ішкі нарыққа және экспортқа жөнелтіп отыр.Бүгінде зауыт полипропиленнің 10 маркасын игерді. Бұл маркалар құрылыста, медицинада, тамақ өнеркәсібінде, тоқыма өнеркәсібінде қолданылады. Озық технологиялардың арқасында өндіріс барлық заманауи экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.