«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ қызметкерлері дәстүрлі ағаш отырғыу акциясын өткізді

12 Қазан
2024
КРІ қызметкерлері дәстүрлі ағаш отырғыу акциясын өткізді
“КРІ Inc.”кешенінің аумаған жасылдандыру мақсатында, “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында компания қызметкерлері жүзге жуық ағаш отырғызды. “KPI TREE Revival” деп аталатын акцияға 150-ден астам маман қатысты.

-Биыл қарашада біздің кешеннің ресми іске қосылғанына екі жыл толады. Бүгінгі экологиялық шарадан КРІ-дың 2 жылдығын атап өту аясында жоспарланған іс-шараларымыз бастау алады. Біз қашанда
экологиялық жобаларға белсенді қатысамыз. Былтыр да дәл осындай уақытта ағаш отырғызған едік. Биыл да дәстүрден таймадық. Кешенімізге көрік беріп, ауа айналымының жақсартатын акцияны жыл сайын өткізетін боламыз,-дейді “KPI Inc.” ЖШС аппарат басшысы Роллан Сәрсенбек.

“КРІ Inc.” компаниясы өздері ғана тал етіп қоймай, екінші жыл қатарынан экологиялық акцияны көршілес компанияларға жолдап отыр. Былтыр тал егу челленджін
“ЕмбіМұнайГаз” компаниясына табыстаса, биыл «ҰИНТ» (АЭА) орналасқан
“Karabatan Utility Solutions” (KUS) компаниясына тал егу челленджін ресми жолдап, жасыл экономиканың символы ретінде тірі ағаш сыйлады.

Ағаш егу акциясына қатысып, челленджді ыстық ықыласпен қабылдаған КУС компаниясының басшылығы жақын арада ағаш отырғызу акциясын өткізетіндіктерін жеткізді.