«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

«KPI Inc.» ЖШС "PetroMaintenance 2024" форум-көрмесіне қатысты

23 Қыркүйек
2024
«KPI Inc.» ЖШС "PetroMaintenance 2024" форум-көрмесіне қатысты
20 қыркүйек мұнай-газ саласының жетекші мамандары өндірістік нысандарды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелерін талқылау үшін "PetroMaintenance 2024"  форум-көрмесінде жиналды.

“KPI Inc.” компаниясының өкілі, негізгі қорларды басқару жөніндегі бас инженердің орынбасары Артемий Хиневич кәсіпорынның негізгі қорларын басқарудың маңызды аспектілерін ашып, мұнай-химия кешені нысандарына қызмет көрсетудің озық технологиялары мен әдістерін енгізу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, ол өндірістік процестерді цифрландыру және жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі және пайдаланудың тиімділігін арттырудағы рөлі туралы айтты.

"PetroMaintenance 2024" форумы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға арналған алаң ұсынады. «KPI» ЖШС өкілдерінің қатысуы компанияның өндірістік нысандарда заманауи стандарттарды енгізуге және үнемі жетілдіруге ұмтылысын көрсетеді.