«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Борамбаев Музафар, РР өндірісі басшының орынбасары: “Мен КРІ зауыты туралы университет қабырғасында естідім”

12 Тамыз
2024
Борамбаев Музафар, РР өндірісі басшының орынбасары: “Мен КРІ зауыты туралы университет қабырғасында естідім”
«KPI Inc.» ЖШС Музафардың алғашқы ресми жұмыс орны. Ол өзінің еңбек жолын 2019 жылдың тамыз айында PP және ОЗХ департаментінің технигі қызметінен бастаған. Ең алғаш ИГКХ жобасы туралы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 4-курс студенті болған кезінде, KPI мамандары университет қабырғасына келіп, полипропилен шығаратын болашақ жобаны таныстырған кезде білген. Сол кезде оған сұхбаттасудан өтіп, зауыттың болашақ операторларының алғашқы легінің қатарына қосылу мүмкіндігі туған.

-KPI мені маман ретінде танытып, өзін көрсетуге мүмкіндік берді, Өзбекстанның, Ресейдің және Қазақстанның жетекші зауыттарында тағылымдамадан өтуге, сондай-ақ лицензиар және бас мердігермен бірге құрылыс және пайдалануға беру кезеңдеріне қатысуға мүмкіндік берді. Еңбек жолымның басындағы бұл тәжірибе маған PP өндіру саласындағы дағдылар мен білімді дамытуға мүмкіндік берді,-дейді ол.

Музафар газ-химия кешенінің қызметкерлерінің сұранысқа ие дағдылары бар болса, бәсекеге қабілетті жалақыға сене алатынын айтады. Компания медициналық сақтандыруды, жыл сайынғы демалыс кезінде материалдық көмек, сыйақылар және компанияның командалық рухын көтеруге арналған түрлі іс-шараларды қоса алғанда, әлеуметтік кепілдіктердің толық пакетін ұсынады. Жұмыс шарттары жоғары стандарттарға сәйкес келеді. Жалпым ол жас маман ретінде кіріс деңгейіне қанағаттанады және оны әрі қарай дамыту үшін жайлы өмір сүру деңгейін сақтау үшін жеткілікті деп санайды.

-KPI-де жұмыс істей отырып, мен өндірістік процестер саласында құнды дағдылар мен білім алдым, сондай-ақ техникалық құзыреттерімді жақсарттым. Мен командалық жұмыс істеуді, күрделі міндеттерді жедел шешу және өндіріс тиімділігін арттыру үшін зерттеуді үйрендім. Сонымен қатар, Novolen технологиясы бар заманауи жабдықтармен жұмыс тәжірибесі маған өндіріс процесі мен дайын өнімнің сапа принципін терең түсінуге мүмкіндік берді. Бүкіл кезең бойы мен өз саламдағы көптеген жоғары білікті маманмен жұмыс істедім және олардан тек ең жақсы қасиеттерді үйрендім. Өз басшыларыма және олардың маған деген сеніміне рахмет, мен біраз жетістіктерге жеттім және бұл менің мансабымдағы тек бастамасы деп үміттенемін,-дейді РР өндірісі басшының орынбасары.

Жас маманның айтуынша, заманауи зауытта жұмыс істеу бірнеше онжылдықтар бұрынғыдан айтарлықтай ерекшеленеді. Өйткені КРІ зауыты автоматтандыру мен цифрлық технологияларды толықтай енгізген тұңғыш зауыт.

-Біздің кешен қызметкерлердің біліктілігіне жоғары талаптар қояды, бізде процестер полипропилен өндіру, оны қайта өңдеу және біздің зауытта жұмыс істейтін заманауи жабдықтармен жұмыс істеу бойынша білімді талап етеді. Кәсіпорынымыздағы еңбек жағдайлары ірі компаниялардың барлық стандарттарына сәйкес келеді. Еңбек қауіпсіздігі, ыңғайлы жұмыс орындарын құру, барлық экологиялық стандарттарды сақтау бойынша баса назар аударылады,-дейді ол.