«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI Inc.” ЖШС мен ҚБТУ меморандумға қол қойды

27 Маусым
2024
KPI Inc.” ЖШС мен ҚБТУ меморандумға қол қойды
“Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.”компаниясы мен Қазақстан-Британ техникалық университеті ғылыми-зерттеу мен білім беруді дамытып, өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатындағы меморандумға қол қойды.

Келісім шеңберінде KPI сарапшыларын тарта отырып, мамандық бойынша қонақ дәрістер өткізу, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамға арналған тағылымдама бағдарламалары және түлектер рекрутингін жасау, бірлескен іс-шараларды  (симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар)ұйымдастыру және өткізу, ҚБТУ үздіксіз білім беру департаменті базасында KPI қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, ЕМВА-да, DBA-да оқыту, Индустриялық комитет, консультативтік кеңес сияқты ҚБТУ алқалы органдарының жұмысына қатысу секілді бірлескен жұмыстар атқарылады.    

Жиын барысында “КРІ Inc.” компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс PR және GR қызметінің басшысы Талғат Омаров еліміздегі газ-химия кешені мен ҚБТУ университетінің бірлескен жұмысы екі жаққа да нәтижелі болатынына сенімді екенін айтты.

—ҚБТУ –еліміздегі жетекші техникалық университеттерінің бірі. Түлектердің көпшілігі Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі жетекші,  халықаралық мұнай-газ-химия компанияларда жұмыс істейді. Бүгінгі меморандум аясында еліміздегі газ-химия саласындағы кешен мамандары ҚБТУ секілді ең үздік университтердің бірінде дәріс сабақтар өткізеді, ҚБТУ студенттері бізден тәжірбиеден өтеді, көзге түскендерінің жұмысқа орналасуға да мүмкіндіктері болады,-деді ол.

“КРІ” кешені іске қосылғалы еліміздегі білім беру мекемелерімен тығыз жұмыс жасап келеді. Бүгінде түрлі университет студенттері зауыттан тәжірбиеден өтіп, магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеулер жасап жатыр.

"Бүгін біз Қазақстан-Британ техникалық университеті мен "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС арасындағы ынтымақтастық жолындағы маңызды қадамға куә болып отырмыз.». Алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенімен меморандумға қол қою екі тарап үшін де жаңа перспективалар ашады. Бірлескен жұмыс бізге озық технологияларды енгізуге, мұнай-химия саласының дамуына ықпал етуге және өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қолдауға мүмкіндік береді. Бұл серіктестік ҚБТУ студенттері мен оқытушылары үшін де, "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС мамандары мен инженерлеріне де пайдалы болатынына сенімдіміз. Біздің түлектер қазірдің өзінде осы зауытта жұмыс істеп, саланың дамуына өз үлесін қосқанын атап өту керек,-деді “ҚБТУ” АҚ ректоры, басқарма Төрағасы Габдуллин Маратбек.


Анықтама: “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” ЖШС (KPI) — полипропилен өндіретін интеграцияланған газ-химия кешені. Зауты Теңіз кен орнынан алынған шикізатты өңдеуге маманданған және жылына 500 мың тонна жоғары сапалы полипропилен өндіруге есептелген. 2022 жылы 8 қарашада ресми іске қосылған сәттен бастап полипропиленге деген елдегі сұранысты толықтай қамтып, өнімін экспортқа жібере отырып, өндіріс көлемін ұлғайтып келеді.