Еліміздегі полипропилен өндірісі бойынша интеграцияланған “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” газ-химия кешені Алматы қаласында 500 тоннаға дейін дайын өнімді сақтауға мүмкіндік беретін бірінші сыртқы логистикалық-сату желісіндегі қоймасын ашты.
Қойманың ресми ашылуына өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы мүшелері, Самұрық-Қазына АҚ, КМГ,IMD, KPI өкілдері, сондай-ақ, полимерді қайта өңдейтін компаниялар қатысты.
Оңтүстік астанадан полипропиленді сақтау қоймасын ашу — Алматыдан және оның маңайынан қайта өңдеуші компанияларға полимер шикізатының логистикалық қолжетімділігін арттырады және жеткізу мерзімін айтарлықтай қысқартады.
"Алматыда өз қоймамыздың болғаны ірі қайта өңдеушілерге қысқа мерзімде полипропилен алуға, ал шағын және орта бизнес өкілдеріне өнімді өздеріне қажетті мөлшерде сатып алып отыруға мүмкіндік береді. Қоймада KPI зауытында өндірілетін полипропиленнің барлық маркасы сақталады", – деді сату және клиенттік сервис қызметінің басшысы Дамир Абельдинов.
Қойманың ашылу салтанатында КРІ мен Қазполиснаб" ЖШС салмағы 17,5 тонна болатын 20 паллетті жіп өндіруші компанияға
жеткізу туралы келісімге қол қойды. Бұл серіктестік айына 130-150 тонна полипропилен тұтынады.
- KPI кешені іске қосылғаннан бастап біз импортқа тәуелділіктен арылдық. Алматыда дайын өнімді сақтау қоймасының ашылуы компанияның өз клиенттеріне деген көзқарасын, оларға өнімдердің барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуге ұмтылатынын көрсетеді, - деп атап өтті "Қазполиснаб" ЖШС директоры Әділхан Темірбеков.
KPI компаниясы Алматыдағы қоймаға жергілікті қайта өңдеушілерге қажетті көлемдегі өнімді тасымалдауды жоспарлап отыр. Бүгінде КРІ құрылыста, медицинада, тамақ және тоқыма өнеркәсібінде қолданылатын 9 полипропилен маркасын шығарады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында Қазақстанда полипропиленді қайта өңдеуді дамыту бойынша KPI-дың жаңа “Форсаж” клиенттік бағдарламасы таныстырылды. Ол отандық қайта өңдеушілерге дайын өнімді өткізу нарығын игеруде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы тектес бағдарламаны Ресейдің жетекші мұнай-химия компаниясы СИБУР әзірлеп, ресейлік полимер өнімдерін өндірушілер арасында тиімділігін байқатқан еді. Нәтмжесінде 2023 жылы Ресейдегі полимерлер нарығында 9% рекордтық өсім болған.