«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

2024 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық полипропиленнің нарықтағы үлесі 75% асуы мүмкін

24 Маусым
2024
2024 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық полипропиленнің нарықтағы үлесі 75% асуы мүмкін
Мұндай бағаны “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” компаниясының маркетинг және сату жөніндегі директоры Данила Могилевцев 20-21 маусымында Алматыда “Argus” агенттігі ұйымдастырған "Қазақстан мен Орталық Азияның мұнай-газ нарығы 2024" конференциясы барысында баяндады.

Қазақстандағы полипропилен нарығы 2022 жылға дейін импортқа тәуелділігі жоғары болды. Оның үлесі 60-тан 95%-ға дейін еді. Ал КРІ газ-химия кешені  іске қосылған сәттен бастап импортқа тәуелділік айтарлықтай төмендеді. Бұл ретте 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде полипропиленді қайта өңдеу саласының өсуі г/г 6%-ға жетуі және полипропилен гомополимерін тұтыну 45,5-46 мың тоннаны құрауы мүмкін. Бұл отандық өңдеу өнеркәсібі үшін жаңа рекорд болады.

KPI компаниясы шығарылатын полипропилен маркаларының желісін белсенді дамытуды жалғастыруда. Бүгінгі таңда игерілген маркалардың төртеуі бұрын Қазақстанда өндірілмеген. Ағымдағы маркалық ассортимент ел ішіндегі қайта өңдеудің барлық сегментінің қажеттіліктерін қанағаттандыратынына қарамастан-компания жергілікті ғана емес, сонымен қатар халықаралық нарықтар тарапынан сұранысқа жауап беру үшін маркалар портфелін 11-ге дейін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, KPI клиенттерге қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін бірқатар бастаманы жүзеге асырып жатыр. Серіктестерге ыңғайлы болу үшін KPI компаниясы өз клиенттеріне полимерлерді қайта өңдеу режимдерін реттеуге көмек, клиенттер өндірісінің тиімділігін арттыру бойынша мамандардың кеңестері бойынша техникалық сервис қызметтерін ұсынады. 2024 жылдың мамыр айында Алматы қаласында қойма ашылды, ол KPI өнімдерін оңтүстігіндегі клиенттерге жеткізу мерзімін 10-14-тен 1-2 күнге дейін қысқартады.

Баяндама соңында Данила Могилевцев Қазақстанда полимерлерді қайта өңдеуді дамытуға бағытталған "Форсаж" бағдарламасының 4 бағытының маңыздылығын атап өтті.

"Форсаж" бағдарламасы полимерлердің барлық қайта өңдеушіге қолжетімді және қайта өңдеушілердің қуаттарын жүктеуге, отандық тауарлар экспортының өсуіне, импортты алмастыруға, қайта өңдеудің озық технологияларын енгізуге ықпал ететін шараларды қамтиды.

“Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” ЖШС қол жеткізген жетістіктерімен мақтанады және Қазақстанның мұнай-химия саласының дамуына елеулі үлес қосуды жалғастыруда. “Argus” конференциясы сияқты іс-шараларға қатысу серіктестік байланыстарды нығайтуға, озық тәжірибелермен алмасуға және өсу мен дамудың жаңа жолдарын табуға мүмкіндік береді.