«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қазақстандағы құбыр желілерінің пайдалану мерзімін полимерлі материалдарды қолдану арқылы ұзарту және контрафактімен күрес — SIBUR мен KPI өткізген “дөңгелек үстелінің” негізгі тақырыбы

26 Сәуір
2024

Астанада полимерлік құбыр жүйелерін дамыту перспективалары және құбырларды пайдалану мерзімін полимерлі материалдарды қолдану арқылы ұзартуды реттеу шараларына арналған “дөңгелек үстел” өтті. Жиынды Ресей мұнай-химиясындағы жетекші компания SIBUR мен Қазақстандағы полипропилен өндіру бойынша тұңғыш интеграцияланған газ-химия кешені — KPI компаниясы ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, "Атамекен" ҰКП,  КМГ, SIBUR, KPI өкілдері, сондай-ақ, еліміздің құбыр жүйелерін шығаратын компаниялар мен қауымдастық жетекшілері қатысты.

“Дөңгелек үстелдің” күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе —  Қазақстандағы құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында құбыр желілерін пайдалану мерзімін полимерлі материалдарды қолдану арқылы ұзарту тетіктеріне және контрафактілік өнімдерді пайдалануға  реттелген шектеуге арналды.

2030 жылға қарай Қазақстанда құрылыс және инфрақұрылымдық жобалар тарапынан құбыр жүйелеріне сұраныс арта түседі деп күтілуде.
Arthur Consulting бағалауы бойынша, 2030 құрылыстың жылдық өсуі - 1,5%, ал тұрғын үй қорының өсуі -  22%. Елдің солтүстік-шығысын газбен қамтамасыз ету деңгейі 30% аспайды, газ тартылмаған
аймақтарға “көгілдір отын” желісін салу қарқынды жүріп жатыр.

Осының есебінен сыртқы құбыр желілеріндегі полимерлерді тұтыну – су, газ және жылу құбырларына да жылына екі есе, яғни, 160 мың тоннаға дейін өседі. Ішкі құбырларға полимерлерді қолдану жылына 30%-ға 42 мың тоннаға дейін жетеді. Мелиорацияға арналған құбырларда тұтыну жылына 2,1 есе 72 мың тоннаға дейін өседі.

Полимер — берік және дәстүрлі материалдармен салыстырғанда көміртегі төмен.  Соның арқасында құбыр жүйелерінің қызмет ету мерзімін бірнеше есеге ұзарып, баға арзандап, орнату жылдамдығы артады. Полимер құбырлардың агрессивті ортаға төзімділігі жоғары екенін атап өткен жөн. Бұл апаттың жиілігін төмендетіп,құбыр жүйелерінің тиімділігіне оң әсер береді.

Бүгінде Қазақстанда тұтынылатын полимерлі құбырлардың едәуір
бөлігін  жергілікті өңдеуші 90 компания шығарады. Бұл ретте құбыр өндірісінің шикізаты – полиэтилен толығымен импортталады.  Шикізатқа қойылатын талаптарды сипаттайтын стандарттардың жоқтығы полимерлі құбырлардың сапасына бақылауды шектейді.

Қазақстанда шығарылатын құбырлардың шамамен 90%-і  — фальсификат. Құбыр жүйелерінің үштен бір бөлігі күйені дайын өнімді экструзиялау процесінде қосу жолымен шығарылады.  Құбыр шығаруда қолданылатын полиэтилен көлемінің 25%-і  өнімдердің бұл түріне жарамсыз маркалар. Соның нәтижесінде құбыр жүйелерінің сыртқы әсерлерге, соққыға төзімділігі төмендеп, жөндеу жұмыстарының аралығы мен құбырларды пайдалану мерзімі қысқарады.
“Дөңгелек үстелге” қатысушылар Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына негізделген контрафактімен күрес жүйесін дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Мәселенің шешімі құбырларды міндетті цифрлық таңбалау болуы мүмкін. Бұл  ЕО елдерінде, АҚШ, Қытайда кеңінен қолданылады және жақында Ресей Федерациясы да  енгізді. Сондай-ақ, жиында полимерді қайта өңдеушілер мемлекеттік органдарында өз мүдделерін білдіру үшін, оның ішінде полимерлік құбырларды өндіру жөніндегі нормаларды әзірлеу және келісу бойынша ҚР салалық қауымдастығын құру мүмкіндігін талқылады.

Анықтама:

SIBUR – әлемдік мұнай-химия өнеркәсібіндегі серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі, полимерлер мен каучуктар өндірісіндегі ресейлік көшбасшы.
Кәсіпорын қоғамның сұранысына ие өнімдерді шығарады және жаңа мүмкіндіктер туғызу үшін озық технологияларды пайдаланады, әлеуметтік инфрақұрылымға, адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады.

SIBUR серіктестік пен тәжірибе алмасу, тұрақты өсу, мақсатқа ұмтылу және тұрақты даму принциптері арқылы дамиды. Бірегей бизнес-модель SIBUR-ға әлем бойынша экономиканың көптеген секторында: құрылыста, тамақ өнеркәсібінде, медицина мен фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, автомобиль өнеркәсібінде және т.б.
қолданылатын жоғары бәсекеге қабілетті өнімдерді жасауға мүмкіндік береді.
Соңғы 15 жылда SIBUR отандық мұнай-химия өнеркәсібін дамытуға, жаңа өндіріс орындарын құруға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға 1,5 триллион рубльден астам инвестиция құйды.

KPI - («ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ  үлесі бар) 2022 жылдың 8 қарашасында іске қосылды. Қазақстан экономикасындағы тұңғыш газ-химия кешен. Кәсіпорынды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына сапары барысында іске қосты. Кешеннің жылына 500 мың тонна өнім шығарып, толық қуатына жеткенде – полипропилен өндіру нарығындағы әлемдегі ең ірі ойыншылармен теңеседі.
Қазақстандағы құбыр желілерінің пайдалану мерзімін полимерлі материалдарды қолдану арқылы ұзарту және контрафактімен күрес — SIBUR мен KPI өткізген “дөңгелек үстелінің” негізгі тақырыбы

Астанада полимерлік құбыр жүйелерін
дамыту перспективалары және құбырларды пайдалану мерзімін полимерлі материалдарды қолдану арқылы ұзартуды
реттеу шараларына арналған “дөңгелек үстел” өтті. Жиынды Ресей мұнай-химиясындағы жетекші компания SIBUR мен Қазақстандағы полипропилен өндіру бойынша тұңғыш интеграцияланған газ-химия кешені — KPI компаниясы ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің, КМГ, SIBUR, KPI өкілдері, сондай-ақ, еліміздің құбыр жүйелерін шығаратын компаниялар мен қауымдастық жетекшілері қатысты.