«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

М. Мырзағалиев КРІ кешеніндегі су тасқынымен күрес жұмыстарының барысын тексерді

12 Сәуір
2024
М. Мырзағалиев КРІ кешеніндегі су тасқынымен күрес жұмыстарының барысын тексерді
Атырауға жұмыс сапарымен келген ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев Карабатандағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі арнайы экономикалық аймақ («ҰИНТ» АЭА) аумағында су тасқыны қауіпін сейілту мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысымен танысты.

М.Мырзағалиев өңірдегі азаматтық қорғау қызметі өкілдерінің ұсыныстарына сүйене отырып, су тасқынына қарсы инженерлік жұмысты жүйелі атқарып, одан әрі күшейтуді тапсырды. Заманауи үлгіде салынған КРІ зауытын судан қорғау үшін қорғаныс бөгеттерін салу, топырақ төгу, қосымша техниканы тарту, бейінді мамандармен тәулік бойы байланыста болу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне назар аударды.

KPI персоналы эвакуацияланатын халықты (1000 адам) орналастыру үшін уақытша вахталық қалашықта тұрғын үй-жайларды жабдықтап қойды. Кәсіпорын аумағын қорғау шараларын іске асыруда. Сондай-ақ, компания қызметкерлері ұзындығы 1500 метр болатын Балықшы аумағының Жайық жағалауын бөгет тұрғызу жұмыстарына белсенді қатысып жатыр.