КРІ-лықтар “ҰИМТ" арнайы экономикалық аймағына Соколок арнасының тасуынан туындайтын қауіпті сейілту мақсатында бөгет салып жатыр.
Апаттан сақтану жұмыстарына білек сыбана кіріскен ұжымға өндіріс басшысы Болат Абдуалиев алғыс айтты.
-Ұжымдастар, қауіп төнгенде қарап қалмай, ортақ іске бір адамдай атсалысып жатқандарыңызға рахмет. Апаттан аман болайық. Күш көп болсын,-деді ол.
Бөгет соғу жұмыстары 14 сәуірге дейін жалғасады.