«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ-дан су тасқынына қарсы іс-шараларға 200-ден астам қызметкер мен 60-қа жуық техника жұмылдырылды

18 Сәуір
2024
КРІ-дан су тасқынына қарсы іс-шараларға 200-ден астам қызметкер мен 60-қа жуық техника жұмылдырылды
Атырау қаласы әкімдігі бекіткен аумақтар – Айнаш Байжігітова, Бейбітшілік, Бауыржан Момышұлы, Асқар Бисекенов көшелері мен ҰИМТ аймағында «КРІ» ЖШС және мердігер компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ арнайы техникалар жұмыс жасап жатыр.

Бүгінде Балықшы аумағының ұзындығы 1700 метр болатын Жайық жағалауын нығайту жұмыстары 90%-ға аяқтады.

Жасақ тәулік бойы екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. ҰИМТ аумағына бөгет салу да қарқынды жалғасуда.

Соколок арнасының тасуынан туындайтын қауіпті сейілту мақсатындағы бөгет жұмысына арнайы техникамен көмек көрсетіп жатқан әріптес “ӨзенМұнайГаз”,  “КазТрансОйл”, Казстройсервис” компанияларына және қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.