“Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” компаниясының жұмыс жасағы Айнаш Байжігітова, Бейбітшілік, Бауыржан Момышұлы және Асқар Бисекенов көшелерінің жағасын көтеру жұмыстарын 24 сағат бойы, 2 ауысыммен іске асыруда.
Жасақтың жұмысын бас директор Данияр Тиесов тексерді.
-Жайық жағасын көтеру жұмысына ерікті түрде атсалысып жүрген барша қызметкерге алғыс айтамын. Жігіттер ұйықтамай, екі ауысыммен жұмыс жасап жатыр. Еңбегіміз ақталысын,-деді ол.
8 сәуір, түнде жұмыс жасағы өзі жауапты аумаққа қосымша тағы 8 техника, сондай-ақ, Ақкиізтоғай ауылы мен Махамбет ауданына қажетті техниканы жеткізді.