«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ-лықтар “Үйлену оңай” қойылымын тамашалады

6 Қараша
2023
КРІ-лықтар “Үйлену оңай” қойылымын тамашалады
Еліміздегі газ-химия бағытындағы тұңғыш кешені іске қосылғанына 1 жыл толуына орай ұйымдастырылған шаралардың кезегі театрда жалғасты. КРІ-лықтар отбасы  отбасы мүшелерімен бірге Махамбет атындағы академиялық театрдың “Үйлену оңай” қойылымын тамашалады. Отбасы құндылығын насихаттап, астарлы әзілдермен көрерменді өзіне елітіп әкетті.

-Бүгін бәріміз өз отбасымызбен керемет қойылым тамашалауға келдік. Үнемі жұмыспен жүретіндіктен, бұндай жерге жиі жол түсе бермейді.  Бүгін соның сәті түскеніне қуанып тұрмыз. Оған қоса, өзіміз ғана емес, ұжымдастармен, үй-ішімізбен келіп тамашалап жатырмыз. Спектакль жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта да осындай игі, рухани демалыстар жиі ұйымдастырып тұрамыз деп ойлаймын,-дейді КРІ ЖШС атқарушы директоры Дамир Ашимов.

Ұлына қыдырып келіп, қойылымға шақырту алған әріптесіміздің анасы спектакльдің жастарға берері көп екендігін айтады.  

-Менің ұлым КРІ компаниясында қызмет еді. Үй алды, лауызымы да өсіп жатыр. Бізге осындай  мәдени демалыс сыйлаған басшылық пен ұйымдастырушыларға рахмет. Қойылым күлдіріп тұрып, жылатты. Отбасы болудың оңай еместігін, сабыр мен сенім керегін әдемі жеткізді,-дейді ол.