«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ кешенінде апатты жағдайда әрекет етуге бағытталған оқу-жаттығу ұйымдастырылды

15 Қыркүйек
2023
КРІ кешенінде апатты жағдайда әрекет етуге бағытталған оқу-жаттығу ұйымдастырылды
15 қыркүйек "KPI Inc." ЖШС біріккен газ-химия кешенінің аумағында  8600 жайындағы аммиак сақтау фланецті қосылыстың ажырауы себебінен
қауіпті химиялық зат – аммиак бөлініп, апат орын алды. Салдарынан оператор уланды — осындай сценариймен командалық-штабтың оқу-жаттығу жиыны өтті.

Оқу-жаттығуға нысандағы апатты-құтқару бөлімшелері, өзара іс-қимыл аясында Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясының бөлімшелері мен Атырау облысының өртке қарсы қызмет гарнизоны қатысты.

Оқу-жаттығу барысын төтенше жағдайлар департаменті және қауіпсіздік қызметі өкілдері бақылады.

-Бүгінгі апатты алдын алу жаттығуының сценарийі бойынша диспетчерлік орталық базасында жедел штаб құрылып, құтқарушы топ улы затты су шашып, тұндырды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгеннен кейін авария ауданында қосымша жылжымалы басқару пункті ұйымдастырылды. Жаттығу орнына жалпы саны 12 бірлік техника және авариялық-құтқару бөлімшелерінің жеке құрамынан 60-тан астам адам жұмылдырылды. Олардың ішінде ТЖ Департаментінің" Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі”, “Семсер-Өрт сөндіруші "ЖШС," NCOC және "Karabatan Utility Solutions" ЖШС өрт сөндіру қызметтері бар. Оқу-жаттығудың мақсаты — апаттық жағдай орын алған жағдайдағы әрекетке зауыттың басшылық құрамы мен өндірістік персоналды дайындау. Бүгін кешеннің авариялық-құтқару бөлімшелерінің дайындық деңгейін тексере алдық. Бұдан бөлек, біз іште апта сайын қызметкерлеріміз бен "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС мамандарының  практикалық дағдыларын пысықтап, жетілдіріп отыру үшін объектілік оқу- жаттығулар өткізіп тұрамыз.", - дейді "KPI Inc." ЖШС қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы Динара СЫБАНБАЕВА.
Жаттығу қорытындысы бойынша барлық бөлімше тапсырманы толықтай  орындады.