«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында жиын өтті

13 Қыркүйек
2023
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында  жиын өтті
11 қыркүйек Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында цемент, гипс және құрылыс қоспаларына арналған қағаз қапшықтарды, полипропиленді қапшықтарға алмастыру мәселесі бойынша кезекті жиын өтті.

Кездесуге отандық және шетелдік ірі цемент өндірушілер (HeidelbergCement, Jambyl CEMENT, Карцемент т.б)және , гипс, құрғақ құрылыс қоспаларын әзірлейтін компаниялар (Knauf, Alina Group, Жамбылгипс) мен полимерлі қаптама  өндірушілер (ЕКО, Новопэк, Нефтехим) қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы  - полимерлі қаптаманың дәстүрлі қағаз қаптамадан экологиялық таза болуын қарастыру.

KPI ЖШС австриялық "Starlinger" компаниясының зерттеуіне сүйеніп, полимерлі қаптаманың экологиялық таза екендігі жөнінде дәлелдер келтірді.
Қатысушылар полипропиленнен жасалған қаптамаға көшудің экономикаға пайдасын талқылап,кездесу қорытындысы бойынша бірнеше цемент өндірушілері мен гипс, құрғақ құрылыс қоспаларын әзірлейтін компаниялар полипропиленнен дайындалатын өнімді тестілеуді бастауға дайын екендерін жеткізді.