«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Газ-химия саласының қызметкерлері марапатталды

5 Қыркүйек
2023
Газ-химия саласының қызметкерлері марапатталды
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай газ-химия саласының дамуына үлес қосып, кәсіпорын игілігі үшін еңбектеніп жүрген “КРІ Inc.” мамандарына түрлі наградалар табысталды.

Салтанатты жиынға қатысқан кәсіпорын басшысы Данияр Тиесов әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтап, алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуді тіледі.

Шара барысында еңбектері жоғары бағаланған қызметкерлер ҚР Энергетика министрлігінің, “Qazenergy” қауымдастығының, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның
құрмет грамоталары, медальдары, естелік белгілері және алғыс хаттарымен марапатталды.