«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

«Асыл Арман» ЖШС өндірістік алаңында «KPI Inc.» компаниясы және өнеркәсіпті дамыту қоры арасында үшжақты кездесу өтті

1 Қыркүйек
2023
28 тамызда Көкшетау қаласындағы «Асыл Арман» ЖШС өндірістік алаңында «KPI Inc.» компаниясы және өнеркәсіпті дамыту қоры арасында үшжақты кездесу өтті.

«Асыл Арман» ЖШС — қаптамалар шығаратын ірі өндіруші. Компания түрлі жылына 14,5 мың тоннаға дейін полипропилен өңдейді. Өндірілген қаптамалар ұн, жарма, қант, тұз секілді тамақ өнімдерін және күкірт, селитра, цемент секілді өндіріске сыртын қаптауға арналған.

«Асыл Арман» ЖШС өкілдері серіктестерін жұмысымен таныстырып, алдағы даму жоспарларымен бөлісті. Жиында іскерлік мәселелер мен ынтымақтастық жоспарлар талқыланды.

Сондай-ақ, кездесуде индустрияны дамыту қоры өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасын таныстырды.