Берлинде Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-отырысы аясында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI, ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) мен жетекші неміс компаниялары арасында бірқатар стратегиялық меморандумға қол қойылды.
Кездесуге қатысқандардың арасында Германияның ірі ауылшаруашылық техникасын өндірушілері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қаржы институттары болды. Іс-шара Германияның Федералды канцлері Олаф Шольцтың Астанаға қыркүйек айында болатын сапары қарсаңында өтті.
Іскерлік кеңестің отырысы барысында KPI бас директоры Данияр Тиесов Möllers, Aventus, Zeppelin Systems және EKATO компанияларымен меморандумдар қабылдады.
Келісімдер технологиялық жабдықты, қосалқы және тозатын бөлшектерді жеткізуді, сондай-ақ техникалық қолдау көрсету мен мамандарды оқыту және басқа да қызмет түрлерін көздейді.
ЮMöllers – орау материалдарының технологиясы саласындағы әлемдік көшбасшы компания. Aventus орау және конвейер технологияларын жасап шығарады.
Zeppelin пневматикалық конвейер жүйелерімен танымал болса, EKATO пластикалық массаларды өңдеуге арналған араластыру құралдарын жасаушы кәсіпорын.
Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) — жобалық қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін Қазақстанның жетекші өндіруші компаниясы. Кәсіпорын жоғары сапалы өнім шығару және оны сенімді жеткізу арқылы өзін ішкі нарықта, сондай-ақ Қытай, Ресей, Түркия және басқа елдерде дәлелдей алды. Компания өнімдеріне швейцариялық SGS зертханасы сертификат берді, бұл оның жоғары сапасы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды.