18 қараша Ақтау қаласында NCOC компаниясының 30 жылдық мерейтойына орай, мұнай-газ-химия саласындағы компаниялар арасында волейболдан жарыс өтті. Оған КРІ, NCOC Barysy, NCOC Wings, NCOC United, Kaz M-I, KMTF, ЕмбімұнайГаз, Қаражанбасмұнай, Северный порт командалары қатысты. Аталмыш турнирде 8 команданы жеңіп, КРІ-лықтар 1-орын иеленді.
-Ойын өте тартысты өтті. Барлық командалар мықты болғанын жасырмаймыз. Біздің команданың ауызбіршілігінің және сапалы ойынының арқасында финалға шығып, жеңімпаз атандық. Бұл біздің бірінші жеңісіміз емес. Алдағы уақытта да үздіктер қатарынан табыла береміз де ойлаймын,-дейді Мадина Утепбергенова.