“KPI Inc.” газ-химия кешені қызметкерлерге ғана емес, олардың отбасы мен балаларына да ерекше көңіл бөледі. Зауыттың ресми іске қосылғанына 1 жыл толуына орай, 23 қазан мен 6 қараша аралығында қызметкерлер балалары арасында “Атырау — арман қала” сурет байқауы ұйымдастырылған еді. Мектепке дейінгі, 6 мен 10 жас, 11 мен 15 жас аралығындағы 3 топқа бөлінген, 59 бала қаламыздың жылдың төрт мезгіліндегі бейнесін қағаз бетіне түсірді. Жеңімпаздар ұжымның онлайн дауыс беру арқылы анықталып, 5 қараша балаларды марапаттау рәсімі өтті.
Балаларды Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермуханов, аппарат басшысы Роллан Сәрсенбек, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдулла Габбасов, Karabatan Utility Solutions ЖШС-нің басқарушы директоры Каликов Руслан құттықтады.
-Былтыр еліміз үшін маңызды жоба — полипропилен өндіретін кешен іске қосылып еді. Бір жылдықтарыңыз құтты болсын! Өсіп-өне беріңіздер. Балаларға арнап ұйымдастырып жатқан осындай әдемі шараларыңыз жалғасын таба берсін,-деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермуханов.
Жас ерекшеліктерінің үш санаты бойынша анықталған жеңімпаздардан бөлек, 4 номинация үздік туынды иелері де марапатталды.
Өзіндік ерекшелігі үшін — Назира Бекмуратова.
Бояулардың қанықтығы мен қызықты техникалық шешімі үшін — Алуа Нургалиева.
Шығармашылық шешімі үшін — Айкөркем Азиз.
Қызықты графикалық шешімі үшін — Санжар Сүлейман.
Милана Уалиева:
-Менің анам КРІ-да жұмыс істейді. Жазда лагерьге бардық. Жаңа жылда тәттілер сыйлайды. Суретімде Атыраудың әдемі кезеңін салып, 1-орын алдым. Маған КРІ ұнайды. Рахмет.
Мектепке дейінгі балалар санатында:
ІІІ орын 3 место - Табылдиева Аянат;
ІІ орын 2 место – Кайыржанова Азиза;
І орын 1 место – Нұрболатұлы Нұрқанат
6-10 жасқа дейінгі балалар санатында:
III орын 3 место - Смағұл Амира;
ІІІ орын 3 место - Жайлыбай Мустафа;
ІІ орын 2 место – Ангельчев Николай;
І орын 1 место – Әлібек Радмир
11-15 жас аралығындағы балалар санатында:
III орын - Жайлыбай Имамали;
ІІ орын – Сайын Арайлым ;
І орын – Уалиева Милана
Жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталады. Сондай-ақ, ең үздік 12 сурет компанияның 2024 жылғы күнтүзбесіне жарияланады.
КРІ — қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартып, оларға қолдау көрсету мақсатында түрлі жоба іске асырып келе жатқан компания.