5 қараша KPI Inc. ЖШС қызметкерлері арасында зауыттың іске қосылғанына 1 жыл толуына орай ұйымдастырылған спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.
Аппарат басшысы Роллан Сәрсенбек өзінің құттықтау сөзінде ұжымды 1 жылдықпен құттықтады. Одан бөлек, командаларға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермуханов, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдулла Габбасов, Karabatan Utility Solutions ЖШС-нің басқарушы директоры Каликов Руслан жарқын жеңістер мен сәттілік тіледі.
Спорттық жарысқа 13 команда қатысады - Зауыт басқару, РР, PDH, ОЗХ өндірістері, РХГП, корпоративтік орталық, KUS, VGS, Ағайын Секьюрити, СГЭ, СХП, SGS, КТР құрамалары бар.
Қатысушылар 9 спорт түрінен бақ сынайды. Бұл кіші аяқ добы, үстел теннисі, шахмат, тоғыз құмалақ, киберспорт, боулинг, волейбол, стритбол, арқан тартыс.
Алғашқы болып мини-футболдан төрт топ (А,В, С,D), 13 команда арасында іріктеу өтті. Олардың ішінен А тобынан PDH командасы, В тобынан KUS, С тобынан VGS командасы және D тобынан KTR жартылай финалға жолдама алды.
-Бұл зауыт іске қосылғалы ұйымдастырлып жатқан екінші спартакиада. Бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біздің команда жартылай финалға шықпаса да жақсы ойын көрсетті. Әріптестеріме, соның ішінде PDH-қа жанкүйермін. Барша ұжымды белсенді қатысуға шақырамын және кешеннің ресми іске қосылғанына 1 жыл толуымен құттықтаймын,-дейді былтырғы спартакиаданың үздік бомбардирі Тауров Махмут.
Ал киберспортшылар арасынан (Counter Strike Global Offensive) сайысқа 7 команда қатысты. Әрқайсысы лайықты қарсылас болды. Қорытынды бойынша жартылай финалға PDH, ОЗХ, корпоративтік орталық и зауыт басқару өтті .
Киберспортты ұйымдастырып, басы-қасында жүрген аудармашылар тобының жетекшісі Сәбит Буларов спартакиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтады.
- Жарыс YouTube-те комментаторлармен онлайн трансляция да болды. Барша ұжымды жартылай финалға күтеміз,-дейді ол.
Қалған спорт түрлерінен жарыс және жартылай финал мен финал 11-12 қараша күні өтеді. Барлық жаңалықты КРІ ресми парақшаларынан тамашалаңыздар!