«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ қызметкерлері ағаш отырғызды

16 Қазан
2023
КРІ қызметкерлері ағаш отырғызды
“КРІ Inc.”кешенінің аумаған көгалдандыру мақсатында қызметкерлер жүзден астам күл ағашын отырғызды. Жазда сая, қыста қамсау болатын теректері отырғызуға 150-ге жуық маман қатысты. “Эко сенбілік” деп аталатын акция полипропилен өндіретін зауыттың бір жылдығына орай ұйымдастырылды.

-8 қарашада біздің кешеннің ресми іске қосылғанына 1 жыл толады. Осы жыл ішінде компанияның тұрақты даму бағдарламасы әзірленді. Оның ішінде экологиялық жобалардың орны ерекше. Бүгіннен бастап, компаниямыздың 1 жылдығын атап өту  аясында жоспарланған іс-шараларымыз басталды. 8 қарашаға дейін ұжымдастар арасында түрлі бағыттағы шара ұйымдастырлады. Бүгінгі өтіп жатқан эко сенбіліктің біз үшін маңызы зор. Бұл ұжымды біріктіріп қана қоймай, кешенімізге көрік беріп, ауа айналымының жақсаруына көмектеседі,-дейді “KPI Inc.” ЖШС атқарушы директоры Дамир Ашимов.

“КРІ Inc.” компаниясы мұндай экологиялық акцияларды дәстүрлі түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осы орайда әріптес “ЕмбіМұнайГаз” компаниясына экологиялық акция ұйымдастырып, тал егу челленджін жолдады.

-Сенбінің жаймашуақ күнінде әріптестеріміз ұйымдастырған акцияға ұжым атынан бір топ қызметкер қатысып, жолданған челленджді ыстық ықыласпен қабылдайтынымызды жеткізейік деп әдейі келдік. Керемет акцияны бастап, келесі болып жалғастыруды бізге (ЕмбіМұнайГаз) тапсырған КРІ-лықтарға көп рахмет. Жақын арада біз де ағаш отырғызу акциясын өткізетін боламыз,-деді “Ембімұнайгаз” компаниясының Еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Ануарбек Каримов

“КРІ Inc.” қызметкерлері бір жылдық мерейтой аясында керемет бағдарлама ұйымдастырылған басшыққа дән риза.

-Теректер ертең-ақ жайқалып шыққанда бұл ағашты мен еккенмін деп мақтанатын боламыз. Бұл кешенге көрік береді, экологияның жақсаруына үлес қосады. Компания іске қосылған бір жыл ішінде жеткістіктер де, қиындықтар да болды. Жылдан жылға кешеннің жоспарды орындауына бар күшімізді салатын боламыз. Барша ұжымды атаулы датамен құттықтаймын. Алда ұйымдастырылатын барлық шараға белсенді қатысайық деймін, -дейді PP өндірісінің ауысым басшысы Әли Айтқалиев.

Компанияның іске қосылғанына 1 жыл толуына орай, 8 қарашаға дейін “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc” қызметкерлері арасында әлеуметтік, интеллектуалдық, спорттық, мәдени бағыттағы шаралар ұйымдастырлады.