«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ — волейболдан жеңімпаз!

25 Қыркүйек
2023
КРІ — волейболдан жеңімпаз!
Ерлер арасында өткен облыстық волейбол лигасынан КРІ компаниясының командасы бірінші орын иеленді.

Тамыздың аяғында басталған ойынға (А лигасынан) 8 команда қатысты. Олардың ішінде: KPI, Атырау мұнай өңдеу зауыты, NCOC, Қожан, Құрманғазы, Автоаймақ, Денсаулық, Томарлы командалары бар.
Топтық кезеңде КРІ  командасы  2-орын алса, ширек финалда «Қожан» командасын (3:0 есебімен) ұтып,  жартылай финалда «Томарлы» командасын (3:1 есебімен) жеңді.

Кешегі (24 қыркүйек)  өткен финалда АМӨЗ командасын 3:2 есебімен ұтып, ерлер арасындағы облыстық волейбол лигасының чемпионы атанды.

-КРІ волейбол командасы биыл ғана құрылды. Бұл команданың алғашқы ойыны және алғашқы жеңісі. Бізді қолдаған ұжымға шын жүректен алғыс айтамыз-,дейді команда капитаны Булгамбаев Сахыпкерей.