«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

"KPI inc." - пластмасс және полимерлер индустриясының халықаралық көрмесіне қатысады

13 Қыркүйек
2023
"KPI inc." - пластмасс және полимерлер индустриясының халықаралық көрмесіне қатысады
28-30 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы "Атакент" көрме орталығында  Пластмасс және полимерлер индустриясының 15-ші Халықаралық көрмесі өтеді.

Plast World халықаралық көрмесінің мақсаты -жаңа іскерлік байланыстар орнату, экспорттық-импорттық келісім-шарттар жасасу, нарық пен бәсекеге қабілеттілікке талдау жүргізу, Орталық Азия нарығында бизнес құру үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

Көрме полимерлер өндірісіндегі өнімдер мен технологиялық инновацияларды таныстыру үшін әлемнің әртүрлі елдерінен өндірушілер мен дистрибьютерлерді біріктіреді.

Халықаралық көрмеге сауда желілерінің өкілдері, сатып алушылар, коммерциялық және мемлекеттік ұйымдардың басшылары, инвесторлар мен  өндірушілер, құрылысшылар, сәулетшілер, тұтынушылар, сала мамандары қатысады. Олар Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, сондай-ақ Германия, Австрия, Қытай және басқа да  елдерден келеді.

Бұл көрме "KPI inc."  компаниясы үшін клиенттермен кездесуге және ынтымақтастықтың перспективалық мүмкіндіктерін талқылауға арналған тамаша алаң.