Құрметті әріптестер!
Сізді шын жүректен — кәсіби мерекеміз мұнайшылар күнімен құттықтаймыз! Қара алтын - ел экономикасының локомативі. Жер ананың біздерге сыйлаған қазынасы. Шындығында бұл ең алдымен - Жердің қазынасы! Сол жерді мекен еткен елдің - несібесі! Қазақ мұнайының ғасырдан астам терең тарихы бар. Бүгінде еліміз мұнай ғана емес, газ-химия саласында жаңа белестерді бағындырып, шикізатты терең өңдеу жолында полипропилен өндіретін газ-химия кешенінің қысқа мерзімде әрі сапалы жүзеге асырды. Алда газ-химия саласындағы басқа да мега жобалар жоспары тұр. Оның бәрі – ел болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстар.
Ат үстінде ел қорғаған батыр бабалардың ұрпағы мал бағып, тіршілік қылды. Олардан туған буын мұнайшы деген мамандықты меңгеріп, оны атакәсіпке айналдырды. Бүгінде бірнеше буын ұрпақтары осы саланы меңгеріп, мұнайшылықты династиялық мамандыққа айналдырды.
Баршаңызға еңбекте табыс, зор денсаулық тілеймін! Отбасыңызға ынтымақ пен ырыс қонғай! Тәуелсіз Қазақстанның дамуына толағай үлес қосып, бірлік пен берекеге кенеле берейік!
Ізгі тілекпен, “KPI Inc.” компаниясының басқарма төрағасы- бас директор Данияр Тиесов