«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

“KPI Inc.” компаниясында қоғамдық тыңдау өтті

1 Қыркүйек
2023
“KPI Inc.” компаниясында қоғамдық тыңдау өтті
Бүгін “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." компаниясында жол берілетін шығарындылар нормативтері, қалдықтарды басқару бағдарламасы, табиғат қорғау іс-шаралар жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Жиында кешеннің 2023-2025 жылдарға арналған экологиялық бағдарламасы талқыланып, қазан айынан бастап шығынды көлемін 60 тоннаға азайтатындылығы айтылды.

“Біз жоба бойынша жылына 2,8 миллион тонна текше метр су тұтыну керек болсақ, қазір 1,2 миллион тонна текше метр тіршілік нәрін пайдаланып отырмыз. Біз ағынды суды булану алаңдарына төкпейміз. Оны тазартып, кері пайдаланамыз. Қоғамдық тыңдауға қатысқан үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, Қазақстан Халық партиясы мүшелері мен қала тұрғындарының айтқан ескертуін назарға алып, жұмыс істейміз”,-деді “KPI Inc.” ЖШС қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы Динара Сыбанбаева.

“КРІ Inc.” компаниясы биыл облысты көгалдандыруға ат салысып, тал егуді жоспарлап отыр. Тыңдауға қатысқандар компанияның қоршаған ортаны  қорғау бағытындағы бірнеше жобасын бір ауыздан қолдап, дауыс берді.

Айта кетейік, кешен биыл өндіріс орнынан шығатын зиянды заттарға мониторинг жүргізіп, бақылаудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу жұмысын бастады.