«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында қайта өңдеуші кәсіпорындармен ынтымақтастығын дамытып келеді

6 Қазан
2026
KPI развивает сотрудничество с перерабатывающими предприятиями в рамках программы «Инвестиционный Форсаж»
KPI-дің Шымкентте өткен клиенттік іс-шарасы аясында компания «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы шеңберінде «FIBC» ЖШС және «Taraz Plastic» ЖШС-мен келісімдерге қол қойды.

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында отандық қайта өңдеуші кәсіпорындармен ынтымақтастығын дамытып келеді. Бағдарлама кәсіпорындарды қолдауға, олардың өндірістік қуаттарын дамытуға және қазақстандық полипропиленді дайын өнім өндіруде кеңінен қолдануға бағытталған.

FIBC компаниясы KPI полипропиленін қап өндіру үшін бұрыннан қолданады. «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында компания қап өндіру бойынша өндірістік қуаттарын арттырып, мультифиламентті жіп өндіруге арналған жабдық орнатты. Бұндай өнім бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген. Жасалған келісім компанияның KPI-мен ынтымақтастығын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. FIBC жыл соңына дейін полипропиленді ай сайынғы тұтыну көлемін 132 тоннаға дейін жеткізу жоспарлап отыр. Алдағы уақытта бұл көлемді кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

«FIBC» ЖШС коммерциялық директоры Қайрат Тайбукенов:

«KPI-мен ынтымақтастық бізге өндірісті отандық шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге және өндіріс көлемін одан әрі арттыруды жоспарлауға мүмкіндік береді. Полимерлі қаптама мен мультифиламентті жіп өндірісін дамыту өнім шығару көлемін ұлғайтып, компанияның өндірістік мүмкіндіктерін күшейтуге жол ашады».

«Taraz Plastic» ЖШС де KPI полипропиленін қайта өңдейтін кәсіпорындардың бірі. Компания KPI шикізатын шөпті престеп бууға арналған шпагат өндіру үшін пайдаланады. «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында кәсіпорын өндірістік қуаттарын дамытып, өнім шығару көлемін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. 2026 жылдың соңына дейін полипропиленді ай сайынғы тұтыну көлемін 30 тоннаға дейін жеткізбек.

«Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы отандық қайта өңдеушілерді қолдау құралдарының бірі. Бағдарлама аясында KPI кәсіпорындардың жабдық сатып алу және өндірістік қуаттарын дамыту жобаларын іске асыруына, оның ішінде банкке төленетін пайыздық сыйақы шығындарын өтеу арқылы қолдау көрсетеді.