Алматыда орналасқан ARNAU TECHNOLOGIES компаниясы полипропиленді қайта өңдеп, спанбонд шығаруға маманданған кәсіпорын. Компания KPI полипропиленінен ауыл шаруашылығы, құрылыс және медицина салаларына арналған өнімдер шығарады. Кәсіпорын KPI-мен екі жылдан астам уақыт бойы бірлесіп жұмыс жасап, ай сайын 130 тоннадан астам полипропилен сатып алады.
Спанбонд өндірісіне маманданған кәсіпорын жұмысын дастарқан шығарудан бастаған. Бүгінде компания өнім түрлерін кеңейтіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және медицина салаларына арналған тоқыма емес материалдар өндіреді.
KPI және ARNAU TECHNOLOGIES өкілдері жұмыс кездесуінде «Форсаж» бағдарламасы аясында дайын өнім экспортын қолдау мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ ұн, қант және жарманы қаптауға арналған спанбонд қаптар өндірісін игеру арқылы кәсіпорынның өнім түрлерін кеңейту жөнінде пікір алмасты. Бұл бағыт кәсіпорынның өнім ассортиментін кеңейтіп, отандық полипропиленді қайта өңдеудің жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады.