Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС кешеніне «мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобына кіретін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары жұмыс сапарымен келді.
Депутаттар кәсіпорынның қызметімен, полипропилен өндірудің технологиялық кезеңдерімен және өндірістік инфрақұрылымымен танысты.
Кездесуде мұнай-газ химиясы саласын дамыту, оның ішінде қайта өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Заң жобасын пысықтау барысында өндірістің нақты қажеттіліктерін ескеруге ерекше назар аударылды.
Жұмыс сапарына Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, KAZENERGY қауымдастығының және Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
KPI кешеніне сапар барысында жұмыс тобының мүшелері мұнай-газ химиясы өндірісінің ерекшеліктерімен, кәсіпорынның инфрақұрылымымен және шикізат жеткізу жүйесімен жақынырақ танысты.