«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI кешенінің іске қосылғанына төрт жыл толуына орай футболдан турнир өтті

31 Қазан
2026
В честь 4-й годовщины запуска Первого интегрированного газохимического комплекса прошёл турнир по футболу
Газ-химия кешенінің іске қосылғанына төрт жыл толуына орай «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС Бас директордың кубогы үшін футбол турнирін өткізді. Әріптес кәсіпорындар бас қосқан жарыста KPI командасы күміс жүлдеге ие болды, ал Айбар Нұрыбеков турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Кубок үшін сегіз команда бақ сынады. Алаңға KPI-дан екі команда, «Ембімұнайгаз» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы, «KMG PetroChem» ЖШС, «SILLENO» ЖШС және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС өкілдері шықты.

Жартылай финалда KPI футболшылары «ҚазТрансОйл» командасын 3:1 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды. Екінші жартылай финалда «Ембімұнайгаз» командасы АМӨЗ-ден 5:2 есебімен басым түсті.

Финалда KPI мен «Ембімұнайгаз» командалары кездесті. Ойын соңғы минутқа дейін тартысты өтіп, жеңіс голын соққан «Ембімұнайгаз» футболшылары 3:2 есебімен кубок иегері атанды. KPI командасы турнирді екінші орынмен аяқтады. Үшінші орын үшін кездесуде АМӨЗ командасы «ҚазТрансОйлды» 2:1 есебімен жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Жеңімпаз командаға 250 мың теңге, күміс жүлдегерге 150 мың теңге, қола жүлдегерге 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

Турнирдің жеке номинациялары бойынша үздік шыққан ойыншылар да марапатталды:

• Үздік ойыншы — Айбар Нұрыбеков (KPI);
• Үздік сұрмерген — Жумахмет Ажмухан («Ембімұнайгаз»);
• Үздік қорғаушы — Диас Рахимжанов (АМӨЗ);
• Үздік қақпашы — Талап Дәрібай («ҚазТрансОйл»).

Турнир әріптестерге өндірістен тыс ортада бас қосып, спорттағы шеберлігін танытуға мүмкіндік берді. Алаңдағы бәсеке мен өзара қолдау жарыстың көркін қыздырып, кәсіпорындар арасындағы достық байланысты нығайта түсті.

Барлық қатысушыға тартысты ойын үшін алғыс айтып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!