KPI қызметкерлері марапатталды
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС қызметкерлері мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі, еңбектегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін салалық және корпоративтік марапаттарға ие болды.
Кәсіпорынның әр жетістігінің артында өз ісін жетік меңгерген, жауапкершілікті терең сезінетін мамандардың еңбегі тұр. Өндірістің үздіксіз жұмысынан бастап күнделікті ұйымдастыру міндеттеріне дейін әр қызметкердің білімі мен тәжірибесі ортақ нәтижеге қызмет етеді.
Осы еңбектің бағасы ретінде KPI мамандары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің наградаларымен, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алғыс хаттарымен марапатталды. Бірқатар қызметкер «Профнефтехим» салалық бірлестігінің марапаттарына ие болды. Компанияның 13 қызметкеріне «СИБУР Холдинг» алғыс хаттары табысталды.
KPI қызметкерлерінің еңбегін серіктес кәсіпорындар да атап өтті. Әкімшілік-шаруашылық жұмыс бөлімінің маманы Тамара Кельбатырова Ren Qiu LIHE Technology Ltd компаниясының алғыс хатымен марапатталды. Бас энергетик қызметінің ауысым бастығы Сергей Горшковқа «Karabatan Utility Solutions» (KUS) ЖШС алғыс хаты табысталды.
KPI ұжымының берік негізін, міндетін тиянақты атқарып, тәжірибесін әріптестерімен бөлісетін қызметкерлер құрайды.
Марапат иелерін құттықтаймыз!