«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС өкілдері «Казполиснаб» компаниясының басшылығымен кездесті. «Казполиснаб» – отандық полипропиленді алғашқылардың бірі болып сатып ала бастаған компаниялардың бірі. Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмыстың нәтижелерін, кәсіпорынның қазіргі өндірістік қажеттіліктерін және серіктестікті одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
«Казполиснаб» компаниясы шөп бууға арналған шпагат, жылыжай жіптері мен арқандардың кең ассортиментін шығарады.
Дайын өнім Қазақстанның ішкі нарығында сатылып қана қоймай, Өзбекстан мен Қырғызстанға да экспортталады. Кәсіпорын жыл сайын KPI-дан 500 тонна полипропилен сатып алады.
Ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі – шөп бууға арналған шпагат өндіру жобасының жүзеге асырылуы. Аталған жоба кәсіпорынға шығындарды азайтып, үнемделген қаражатты өндірісті одан әрі дамытуға бағыттауға мүмкіндік берді. Өндірістік қуаттарды кеңейту дайын өнім көлемін ұлғайтуға және оның түрлерін көбейтуге қосымша мүмкіндіктер ашады.
Кездесу барысында тараптар алдағы перспективаларды, «Казполиснаб» компаниясының жаңа жобаларын қолдау және өндірістік қуаттарын кеңейту мақсатында KPI-дің «Форсаж» инвестициялық бағдарламасын пайдалану мүмкіндігін талқылады.
KPI отандық полипропилен өңдеуші кәсіпорындармен ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып, олардың өндірістік қажеттіліктері мен өсу мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Мұндай серіктестік Қазақстанда дайын өнім өндірісін ұлғайтуға, жергілікті өндірушілердің ішкі нарықтағы орнын нығайтуға және экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.