«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС қалалық кеңсесінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ өкілдерінің қатысуымен референс-визит өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы өнеркәсіп саласына арналған заманауи IT-шешімдерді енгізу және пайдалану бойынша практикалық тәжірибе алмасу болды.
KPI Қазақстанда жаңа буындағы SAP S/4HANA ERP жүйесін енгізу және тиімді пайдалану бойынша алдыңғы қатардағы компаниялардың бірі. Сапар барысында қонақтар газ-химия кешеніндегі бизнес-процестерді цифрландырудың практикалық аспектілерімен танысты.
KPI мамандары SAP S/4HANA жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейінгі сүйемелдеу тәжірибесімен бөлісіп, жүйені өндірістік қажеттіліктерге бейімдеу және ауқымдау бойынша ішкі шешімдерді қабылдау тәсілдері туралы айтты. Сондай-ақ ERP шешімдерін басқарудың басқа цифрлық құралдарымен интеграциялау тәжірибесін ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша «Интергаз Орталық Азия» АҚ өкілдері KPI компаниясына ашықтығы және тәжірибесімен бөлісуге дайын болғаны үшін алғыс білдірді.