«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI жарты жылда 219 мың тоннадан астам өнім өндірді

31 Шілде
2025
KPI за полгода произвела более 219 тысяч тонн продукции
Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI) биылғы жарты жылдықта 219 372 тонна полипропилен өндіріп, отандық өнеркәсіп үшін маңызды нәтижеге қол жеткізді. Бұл көрсеткіш компанияның тұрақты даму жолында сенімді қадам жасап келе жатқанын және еліміздің өңдеуші өнеркәсібін сапалы әрі қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етіп отырғанын дәлелдейді.

KPI бүгінде полипропиленнің 13 марка игерілді. Бүгінде өнім ассортиментінде полипропиленнің 15 маркасы бар (2 марка омологацияда тұр, яғни өнім тұтынушылардың технологиялық және техникалық талаптарына сәйкестігі бойынша тексерілуде). Бұл Қазақстанныңөңдеуші кәсіпорындарына әртүрлі өнім түрін – орау және тоқыма бұйымдарынан бастап, инженерлік компоненттерге дейін кең ауқымда өндіруге жол ашты. Полипропилен отандық кәсіпорындардың жаңа буынына тірек болды. 2022 жылдың соңында зауыт іске қосылғаннан бері еліміздегі полипропиленді өңдеуші компаниялардың саны 80-нен 130-дан астамға дейін артты.

2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша ішкі нарықтағы полипропиленді өңдеу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға өсті. Бұл – еліміздің өңдеу өнеркәсібі KPI өндіріп отырған сапалы шикізат есебінен қарқын алып келе жатқанын көрсетеді. Биылғы жылы компания сатылымының шамамен төрттен бірі жаңадан ашылған отандық кәсіпорындарға тиесілі.

Полипропилен – күнделікті тұрмыстан бастап, өндірістік секторға дейін кең қолданылатын маңызды полимер. KPI өнімдері қазақстандық нарықта ғана емес, экспорттық бағытта да сұранысқа ие. Зауыт іске қосылғалы бері ішкі нарықтың тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, импортқа тәуелділік азая түсті.

Мұндай жетістіктер ел экономикасының әртараптануына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және бюджеттік түсімдердің артуына тікелей әсер етеді.

KPI өндіріс көлемін жүйелі түрде ұлғайтып қана қоймай, экологиялық қауіпсіздік пен заманауи басқару жүйелеріне де ерекше көңіл бөледі. Компания халықаралық стандарттарға сай сапа мен қауіпсіздік жүйесін енгізу арқылы өндіріс тиімділігін арттырып отыр.

KPI отандық және шетелдік тұтынушылар үшін сапалы полипропиленмен қамтамасыз етуді жалғастыра отырып, жаңа өнім түрлерін енгізуді көздейді.