KPI клиенттеріне техникалық қызмет көрсету тобының аға менеджері Асылбек Жұмабеков көрме аясында баяндама жасап, KPI компаниясы шығаратын полипропилен маркаларының қайта өңдеудің түрлі бағытында қолданылу ерекшеліктері мен клиенттерге көрсетілетін техникалық қолдау мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Асылбек Жұмабеков нарықтағы өзгерістер жағдайында полипропиленді қайта өңдеушілер жиі кездесетін нақты жағдайларды мысалға келтіріп, KPI техникалық қызметінің клиенттерге көмектесу ісіндегі маңызды рөлін атап өтті. Бұл шикізаттың тиісті маркасын таңдаудан бастап, қайта өңдеу процесін оңтайландыруға дейінгі кешенді қолдауды қамтиды.
– Біздің мақсатымыз – тек полипропилен жеткізуші болу емес, клиенттерге толық техникалық қолдау көрсету. Біз клиенттерімізге барлық кезеңде, KPI өнімдерін жаңа және қолданыстағы өндірістік желілерді іске қосудан бастап, қайта өңдеу процесінің тиімділігін арттыруға дейінгі серіктес боламыз, – деді ол.
KPI техникалық қызметі қайта өңдеуші кәсіпорындарға полипропилен маркаларын таңдауға және қолдануға қатысты техникалық кеңес береді. KPI өнімдерін сынақтан өткізу және кейінгі коммерциялық жеткізілімдер барысында толық техникалық қолдау көрсетеді.