«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI өндірістік алаңында салалық компания өкілдеріне таныстыру экскурсиясы өтті

10 Сәуір
2026
KPI провела ознакомительный визит для представителей отраслевых компаний
Atyrau Oil & Gas халықаралық көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында KPI (Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.) зауытына мұнай-газ және мұнай-химия саласына арналған технологиялық және сервистік шешімдерді ұсынатын компаниялардың өкілдері келді.

Таныстыру сапары барысында қонақтарға интеграцияланған газ-химия өндірісінің жұмыс істеу қағидаттары көрсетіліп, негізгі технологиялық үдерістер, автоматтандыру деңгейі, қолданылатын цифрлық шешімдер мен өндірістік қауіпсіздікке қатысты тәсілдер таныстырылды.

Мұндай форматтағы кездесулер кәсіби тәжірибе алмасуға, салалық коммуникацияны дамытуға және технологиялық өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарын талқылауға мүмкіндік береді. Өндірісті нақты жағдайда көру қатысушыларға KPI кәсіпорнының өндірістік ауқымын, күрделілігін және қолданылатын шешімдердің ерекшелігін жан-жақты бағалауға жол ашады.