КРІ тұрақты режимде полипропилен өндіруде. Қаңтардың 13-күнінде зауыт 12 796 тонна полипропилен шығарды
Бүгінде кәсіпорын полипропиленнің 15 маркасын игеріп, құрылыс, қаптама, медицина, агроөнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, автомобиль жасау және тұрмыстық тауарлар өндірісін дамытып жатқан қайта өңдеушілерді қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отыр.
Кешенде полипропилен өндіру заманауи технологиялар негізінде жүзеге асырылып, өндірістік үдерістер автоматтандырылған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша КРІ 375 мың тонна полипропилен өндірді. Оның 39 мың тоннасы ішкі нарыққа жеткізіліп, 325 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді. Бұл кәсіпорын өнімінің сыртқы нарықта тұрақты сұранысқа ие екенін көрсетеді.
КРІ өндірісті тұрақты жүргізу арқылы ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету және экспорттық бағытты дамыту жұмысын жалғастырып келеді.