«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Швейцария іскерлік кеңесінің отырысы өтті

29 Қараша
2025
С участием Генерального директора ТОО «KPI Inc.» Д. Ашимова состоялось заседание Казахстанско-Швейцарского Делового Совета
27–28 қараша Астана қаласында Қазақстан–Швейцария Іскерлік кеңесінің (ҚШДС) отырысы өтті. Оған «KPI Inc.» ЖШС Бас директоры Д. Ашимов қатысты.

Іскерлік кеңес аясында «KPI Inc.» ЖШС мен Швейцарияның Burckhardt Compression AG компаниясы арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың технологиялық және өндірістік өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ өнеркәсіптік жабдықтар саласындағы әріптестікті кеңейтуге деген ниетін бекітеді.

Бұдан бөлек, ҚШДС алаңында екі компания басшыларының B2B-кездесуі өтті: «KPI Inc.» тарапынан Бас директор Д. Ашимов, ал Burckhardt Compression AG тарапынан Бас директор Fabrice Billard қатысқан. Келіссөздер тараптарға ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылауға, стратегиялық идеялармен алмасуға және ұзақ мерзімді әріптестікке өзара қызығушылықтарын растауға мүмкіндік берді.

Меморандумға қол қою компаниялар арасындағы қолданыстағы ұзақ мерзімді өзара іс-қимылды толықтырып, болашақ даму үшін жаңа бағдар береді. Интеграцияланған газ-химия кешені (бұдан әрі – Кешен) аумағында KPI қызметінің маңызды элементтері болып табылатын екі поршеньді компрессор орнатылған, олардың қосалқы бөлшектерін өндіру және сервистік қызмет көрсету жұмыстарымен Burckhardt Compression AG компаниясы айналысады.

Соңғы үш жыл бойы KPI Burckhardt Compression AG компаниясымен белсенді түрде жұмыс істеп келеді, техникалық қызмет көрсету үшін сервистік инженерлер бірнеше рет тартылды. Биыл авариялық-техникалық қордың позицияларын жеткізу туралы шартқа қол қойылды. Келесі жылы тоқтату жөндеу кезеңінде олардың мамандарын тарту жөнінде шарт жасасу жоспарлануда.