Осы арқылы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (бұдан әрі – KPI) бизнес-қоғамдастықты, яғни Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылған майларды жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыратын отандық кәсіпорындарды және/немесе заңды тұлғаларды пайдаланылған майларды өткізу жөніндегі ағылшын әдісі бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабардар етеді.
Пайдаланылған майлардың орналасқан жері – Қарабатан, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағы, KPI Inc. полипропилен өндіру зауыты (Атырау қаласы, Атырау–Доссор тасжолы, 295-құрылыс).
Шамамен алынған көлемі – өткізуге арналған пайдаланылған майлардың көлемі (лоттар):
№ 1 лот: турбиналық май – 69 тонна;
№ 2 лот: гидравликалық май – 12 тонна.
KPI Inc. зауыты аумағынан (Атырау қаласы, Атырау–Доссор тасжолы, 295-құрылыс) 10 жұмыс күні ішінде өздігінен әкету.
Аукционды өткізу орны – Атырау қаласы, Адмирал Лев Владимирский көшесі, 26в, конференц-зал (2-қабат).
Аукционды өткізу тәсілі – ағылшын әдісі бойынша.
Аукцион басталу күні мен уақыты – 07.08.2026 жылы Атырау қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-де.
№ 1 лоттың (турбиналық май) бастапқы құны – 1 килограмм үшін 68,33 теңге.
№ 2 лоттың (гидравликалық май) бастапқы құны – 1 килограмм үшін 51,67 теңге.
Аукционға қатысуға өтінімдер берудің басталу мерзімі – 20.07.2026 жыл.
Аукционға қатысуға өтінімдер қабылдаудың аяқталу мерзімі – 03.08.2026 жылы Атырау қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де.
Пайдаланылған майларды әкету мерзімі – жұмылдырылғаннан (Шарт талаптарына сәйкес) және аванс төленгеннен кейін 10 күн ішінде.
Пайдаланылған майларды өткізу орны – Қарабатан, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағы, KPI Inc. полипропилен өндіру зауыты (Атырау қаласы, Атырау–Доссор тасжолы, 295-құрылыс).
Пайдаланылған майларды өткізу талаптары – пайдаланылған майларды сатып алуға, жинауға, әкетуге, тиеуге, түсіруге, сақтауға байланысты барлық шығыстарды, көлік шығыстарын, сақтандыру төлемдерінің сомаларын (қажет болған жағдайда) және басқа да шығыстарды пайдаланылған майларды сатып алушы көтереді.
Өткізілетін пайдаланылған майлармен танысу күні, уақыты және тәртібі – аукционға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (келісім бойынша).
Төлем талаптары – әкетілетін пайдаланылған майлардың көлемі үшін 100% алдын ала төлем.
Аукцион жеңімпазы деп танылған қатысушымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі – аукцион қорытындылары шығарылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде.
Жеңімпазды анықтау қағидаты – өтінімдері қабылданбаған қатысушылардың сауда-саттық нәтижелері бойынша ұсынған ең жоғары бағасы.
Байланыс ақпараты: reception@kpi.kz; reception@kpi.kz;
+7 (771) 903 30 30; assel.khairullina@kpi.kz
Әлеуетті сатып алушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге арналған лицензияның болуы, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлері – қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою.
2. Технологияларды қолдану рұқсатының болуы.
3. Қоршаған ортаға әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың болуы.
4. Пайдаланылған майларға талдау жүргізу үшін лицензиясы бар зертханамен жасалған шарттың болуы.
5. Қауіпті қалдықтарды тасымалдауға жіберілген, жүк көтергіштігі кемінде 3 тонна болатын кемінде 2 жүк автокөлігінің болуы (жалға алу шарттарымен немесе меншік құқығын растайтын құжаттармен расталады).
6. Өрт-техникалық минимум, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және т.б. бойынша рұқсаттары бар білікті қызметкерлердің болуы (тиісті құжаттардың көшірмелерімен расталады).
7. Шартқа қол қойылғаннан кейін 10 күн ішінде жұмылдыру.
8. Сенімділігін тексеру үшін заңды тұлғаның дербес шотын және әлеуетті сатып алушының БСН-ін қоса алғанда, деректемелерін ұсыну.
9. Әлеуетті сатып алушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы Қағидалардың 4-бабында белгіленген. Комиссия мүшелері осы Қағидалардың 4-бабында көзделмеген қосымша біліктілік талаптарын белгілей алады, бұл ретте мұндай талаптар отырыс хаттамасында көрсетілуге тиіс.
Ілеспе жұмыстар – пайдаланылған майлар сақталған учаскені тазалау жұмыстарын ұйымдастыру.
Аукционға қатысуға өтінім беру қатысушы жеңімпаз деп танылған жағдайда сатып алу-сату шартын жасасуға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Қатысушының өтінімі өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн мен уақытқа дейін беріледі.
Жоғарыда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге аукционға қатысуға арналған өтінімде мынадай мәліметтер мен құжаттар қамтылуға тиіс:
- әлеуетті сатып алушының атауы және нақты мекенжайы;
- аукционға қатысушы аукционға қатысуға уәкілеттік берген тұлғаның деректері (растайтын құжаттарды қоса ұсына отырып);
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың электрондық көшірмесі не Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе электрондық тіркеу жүйесін пайдаланатын, куәлікті немесе анықтаманы берген мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына (www.egov.kz) сілтемесі бар әлеуетті сатып алушы өтінішінің электрондық көшірмесі не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, әлеуетті сатып алушының мемлекеттік тіркелгенін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі.
Пайдаланылған майларды өткізу бойынша жүргізілген рәсімдердің қорытындылары бойынша бұрын негізсіз себептермен шарттар жасасудан бас тартқан немесе өздерінің шарттық міндеттемелерін жосықсыз орындап, сол арқылы сот органының шешімімен расталған белгілі бір залал/зиян/тәуекел келтірген сатып алушылар «Пайдаланылған майларды жосықсыз сатып алушылар тізіліміне» енгізілуі мүмкін.
KPI «Пайдаланылған майларды жосықсыз сатып алушылар тізілімінде» тұрған сатып алушыларды тізілімге енгізілген кезден бастап бір жыл ішінде аукционға қатысуға жібермеуге құқылы.