«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KMG Petrochem компаниясының болашақ мамандары KPI базасында тәжірибеден өтеді

11 Қыркүйек
2026
Будущие специалисты KMG Petrochem проходят практику на базе KPI
KMG Petrochem компаниясының дуалды оқыту бағдарламасы аясында білім алған 13 студент Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) кешенін таныстыру сапары ұйымдастырылды.

Студенттер химиялық технология, электрмен жабдықтау, автоматтандыру және басқару, сондай-ақ өндірістік жабдықтарды пайдалану бағыттары бойынша білім алуда. Практика барысында олар KPI өндірісінің жұмысымен танысып қана қоймай, кәсіпорынның күнделікті өндірістік процестеріне қатысып, технологтар, инженерлер және өзге де бейінді мамандармен бірге тәжірибе жинақтайды.

Сапар кезінде студенттер өндірістік алаңды аралап, технологиялық қондырғылардың жұмысымен және полипропилен өндірудің негізгі кезеңдерімен танысты. Кәсіпорын мамандары өндірістің технологиялық тізбегі, жабдықтардың жұмыс істеу қағидаттары және өндірістік қызметтердің өзара байланысы туралы түсіндірді.

Таныстыру сапары кәсіпорында жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде өтті. Жұмыстар аяқталғаннан кейін студенттер өндірістік практикаларын кәсіпорынның штаттық жұмыс режимінде жалғастырады. Осылайша, олар өндірістің техникалық қызмет көрсету кезеңі мен қалыпты жұмыс режимін қатар көріп, жабдықтарға қызмет көрсету мен өндірістік процестердің тұрақтылығы арасындағы байланысты тәжірибе жүзінде бағалай алады.

KPI бас директоры Дамир Ашимов болашақ мамандармен кездесіп, оларға кәсіпорынның құрылу тарихы, құрылысы мен пайдалану ерекшеліктері, технологиялық процестері және өндірістегі жұмыс ұйымдастырылуы туралы айтып берді.

«Практика кезінде сіздер біздің мамандардың оң қолы болуыңыз керек. Сұрақ қоюдан қорықпаңыздар, мамандармен кеңесіп, әрбір процестің мәнін түсінуге ұмтылыңыздар. Сіздердің міндеттеріңіз өндірісте жай ғана болу емес, осында жинақталған білім мен тәжірибені барынша меңгеру», – деді Дамир Ашимов.

Практикалық даярлық арнайы есепке алу және бағалау жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл тәсіл студенттердің өндірістік ортада алған білімін меңгеру деңгейін және оны іс жүзінде қолдану қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл формат дуалды оқытудың логикалық жалғасы ретінде теориялық білімнен нақты өндірістік процестерді игеруге кезең-кезеңімен көшуге жағдай жасайды.

Кадр даярлау бағытындағы бірлескен жұмыс мұнай-газ химиясы саласының кадрлық әлеуетін дамытуға және болашақ өндірістік жобалар үшін білікті мамандар даярлауға бағытталған.