«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI-да өндірістік тәуекелдерге арналған үш күндік сессия өтті

25 Шілде
2026
В KPI прошла трехдневная сессия по производственным рискам
21–23 шілде «KPI» кешенінде «СИБУР» ЖШҚ, «KMG PetroChem» ЖШС, «Silleno» ЖШС және «KPI Inc.» ЖШС өкілдерінің қатысуымен өндірістік тәуекелдерге арналған сессия өтті. Іс-шараға 60-тан астам сарапшы мен басшы қатысып, үш күн бойы негізгі өндірістік тәуекелдерді жан-жақты талқылады, салалық тәжірибелерімен бөлісті және оларды тиімді басқарудың ортақ тәсілдерін әзірледі.

Өндірістік тәуекелдерге арналған сессия – қатерлерді басқарудың маңызды құралдарының бірі. Ол ықтимал қауіп-қатерлерді алдын ала анықтауға, олардың өндірістік үдерістерге әсерін бағалауға және алдын алу шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде жабдықтардың сенімділігі артып, қызметкерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, өндірістік қызметтің тұрақтылығы нығая түседі.

Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар өндірістік тәуекелдерді басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды қадамды айқындады. Атап айтқанда, өндірістік тәуекелдердің бірыңғай тізімін қалыптастыру, анықталған тәуекелдерді 2026 жылғы жоспарлы тоқтату жөндеу жұмыстарына дайындық барысында ескеру және үздік тәжірибелермен алмасу мақсатында компаниялар арасындағы сарапшылық ынтымақтастықты жалғастыру көзделді.

Сондай-ақ, кездесу соңында тараптар 2026 жылдың IV тоқсанында өндірістік тәуекелдерге арналған сессияны қайта өткізуге келісті.