«BAH_ASMAR» полимерлерді қайта өңдеуші ЖШС өкілдері “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” кешеніне келіп, бас директор Дамир Ашимовпен кездесіп, бірлескен жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарларды талқылады.
Кездесу барысында компания өкілдері KPI полипропиленінен өндірілетін дайын өнімдерін таныстырды. «BAH_ASMAR» электр тұрмыстық бұйымдар, киім ілгіштер, сыпыртқы саптары және бір реттік пластик ыдыстар шығарады.
«BAH_ASMAR» ЖШС отандық полипропиленнің сапасының жоғары бағалап, KPI-дан сатып алынатын полипропилен көлемін кезең-кезеңімен арттырып, жаңа өнім түрлерін шығаруды жоспарлап отыр.
KPI мен «BAH_ASMAR» ЖШС 2024 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания KPI шығаратын PP H030 GP/7, PP H250 GP/7 және PP H350 FF/7 маркалы полипропилендерді пайдаланады. 2024 жылы кәсіпорын 185 тонна, 2025 жылы 1 405 тонна, ал 2026 жылдың алғашқы алты айында 609 тонна полипропилен сатып алған.
Кездесу соңында тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті жалғастырып, дайын өнім өндірісін дамыту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.