«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI қызметкері киберқауіпсіздік бойынша республикалық ENER FORT 2026 байқауында жүлделі орынға ие болды

31 Шілде
2026
Сотрудник KPI вошел в число призеров республиканских соревнований по кибербезопасности ENER FORT 2026
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бастамасымен Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ENER FORT 2026 іс-шарасы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың және еліміздің жетекші кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар аса маңызды инфрақұрылымды қорғау, өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау, заманауи киберқауіптер және кванттық есептеу технологияларын дамыту перспективаларын талқылады.

ENER FORT 2026 бағдарламасындағы маңызды кезеңдердің бірі екінші күні өткен Capture The Flag (CTF) практикалық сайысы болды. Сайысқа Қазақстан кәсіпорындарының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарынан құралған 11 команда қатысып, киберинциденттерді анықтау және жою бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.

KPI атынан сайысқа компанияның Бас метролог қызметінің жетекші инженері Артур Мухтаров қатысты. «АМӨЗ», «ҚПО» және «ҚазМұнайГаз» компанияларының мамандарымен бірлескен команда жарыс тапсырмаларын сәтті орындап, қорытындысында II орынға ие болды.

ENER FORT 2026-ға қатысу KPI мамандарына саладағы әріптестерімен тәжірибе алмасып, заманауи киберқауіптерге ден қою дағдыларын жетілдіруге және киберқауіпсіздік саласындағы кәсіби құзыреттерін арттыруға мүмкіндік берді.

KPI үшін цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – өндірістің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.