“Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” (KPI — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) Түркістан облысындағы SPK Turkistan индустриялық паркінде өткен өнеркәсіптік көрмеге компаниясы қатысты. Көрме Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердымұхамедовтың ресми сапары аясында ұйымдастырылды.
KPI компаниясының стендінде Атырау облысындағы зауытта өндірілген түйіршік түріндегі полипропилен таныстырлып, одан
жасалатын дайын өнім үлгілері (кілем өнімдері, жиhаз тұрмыстық бұйымдар мен өнеркәсіптік бөлшектер және т.б) көрсетілді.
Компанияның бас директоры Дамир Ашимов Мемлекет басшысына кәсіпорынның жобалық қуатқа шығу жоспарын, ішкі нарықтағы қайта өңдеу үлесін арттыруға үлес қосу, Орталық Азия, Түркия және Қытайға экспорттық әлеуетті кеңейту жоспарлары туралы баяндама жасады.
Бүгінде KPI өнімдері құрылыс, машина жасау, қаптама, тоқыма және жиһаз өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.